Қазақстаннның төрағалығы аясында ЕҚЫҰ адамның еркін ақпарат алу құқығын толықтай қамтамасыз етуге шешім қабылдады

АРШАВА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Кенжеболат Жолдыбай/ - Адами өлшемдерге қатысты 2010 жылғы Шолу конференциясының бірінші сегменті аяқталуға жақын. Конференцияның варшавалық үлесінің жетінші күнінің бірінші жартысында ағымдағы жылғы қарашаның 28-інде Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отырған кеңейтілген құрамдағы пленарлық отырысқа дайындалу үшін алдыңғы жұмыс отырыстары айқындалды.

Осыдан кейін Астанада желтоқсан Саммиті алдында ЕҚЫҰ Шолу конференциясының соңғы бөлігінде жалғасын табатын «БАҚ бостандығы» тақырыбының төңірегінде пікірталас басталды.

Негізгі сессияның кезіндегі сияқты «Бас редакторлар клубы» қазақстандық қоғамдық бірлестік ұйымдастырған қосымша іс-шаралар үдерісінде де журналистерді қорғау, бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді жұмысы үшін азаматтық қоғамның рөлін арттыру, ЕҚЫҰ-ның БАҚ-қа қатысты қазіргі міндеттерінің орындалуы төңірегінде әңгіме өрбіді.

Еркін ақпаратқа ие болу үшін адам құқығын қамтамасыз етуге арналған осы және өзге де өзекті мәселелерді талқылауға қазақстандық делегация да белсенді үлес қосты.

Жоғары жиынға қатысушылар телерадиотарату ұйымдары үшін оларды есепке қою туралы норма алынып тасталғаны, баспа құралдары мен ақпараттық агенттіктердің олардың мекен-жайлары мен редакторларының ауысуына байланысты міндетті түрде қайта тіркеуден өткізілуінің қажетсіздігі туралы ақпараттандырылды. Медиа-саланы одан әрі ырықтандыру аясында сұхбат жүргізу кезінде аудиобейнежазбаларды журналистің пайдалануы үшін рұқсат алу нормасы да алынып тасталды. Журналистің құқықтары мен кәсіби мүмкіндіктері елеулі кеңейтілді, енді журналистің сұраған ақпаратын бермеген мемлекеттік орган немесе оның лауазымды тұлғаларына сот арқылы шағым берудің тосқауылы алынып тасталды.

Проблемалар туралы да сөз қозғалды. Мәселен, ЕҚЫҰ сарапшылары мен кейбір отандық медиақоғамдастықтардың БАҚ саласы туралы бірқатар заң ережелері түрлі көзқарастар туғызып отыр. ҚР қазіргі заңнамасы, ЕҚЫҰ бірқатар қатысушы-мемлекеттерінің заңнамалары секілді бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жала жапқаны үшін моральдық шығынды өтеу туралы қағидаттар бар, дегенмен, моральдық шығын көлемінің есебі жасалмаған. Осы және өзге де проблемаларды шешу мақсатында отырысқа қатысушылар алда Астанада өткізілетін Саммит барысында қарастыру және нақты шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар дайындалды. Аталмыш ұсыныстар моральдық шығын өтемақысының деңгейін нақтылап, БАҚ арқылы диффамация үшін қылмысты жауапкершілікті алып тастау, жарияланымдар үшін шағымдану көкейкестілігі мерзімін бір жылға дейін нақтылау, бұқаралық ақпарат құралдары үшін ҚҚС-ын алып тастау мәселелері қарастырылған.