1 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі) және Теміртау қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.