Бұл туралы бүгін Балалардың құқықтарын қорғау бойынша республикалық кеңесті төрағасы Динара Закиеваның Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде Кеңес балалар мен отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және қорғау жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша мәжіліс тобында жұмыс істейді. Біз ұрып-соғу, азаптау, зорлық-зомбылық бойынша жазаны қатаңдатудан бастап, жетім балалардың тұрғын үй алу мәселелеріне дейін ұсыныстарымызды енгіздік»,-дейді республикалық кеңес төрағасы.
Оның сөзінше, қазір мемлекеттік органдардың осы ұсыныстарды қолдап, келісуі маңызды. Білім министрлігі партияның ақпан айындағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылықты анықтау үшін мектептерде бірыңғай әдістеме әзірлемек.
«Айта кетерлік жәйт, Кеңестің жұмыс тобы іс-сапармен 220 елдімекенді, оның ішінде ең шалғай ауылдарды аралап шықты. Отбасы және балалар мәселелері бойынша жергілікті қызметтердің қалай жұмыс істейтініне, мекемелердің жағдайына талдау жасады. 6 ақпанда өңірлердегі жұмыс қорытындысы бойынша кеңес алаңында балалар үйлеріндегі, мектептердегі, интернаттардағы, медициналық - әлеуметтік мекемелердегі жағдайлардан бастап, зорлық-зомбылық пен суицидке дейін барлық мәсе талқыланды. Қазіргі уақытта интернаттарда, мектептерде (су, кәріз жоқ жерлерде) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қызметкерлер үшін оқыту ұйымдастырылады. Суицидтің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде»,-деп жазды. Д.Закиева,
Ол келтірген деректерге қарағанда, 10 облыста суицидтің алдын алу мәселесі бойынша жүйелі тәсілдер мен әдістемелерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде ( 5 облыста қазірдің өзінде бар).