Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдау қалай жүргізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдау қалай жүргізіледі. Бұл процедураны бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылық топтың кезекті отырысында «Қазконтент» АҚ басқармасының төрағасы Евгений Кочетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі бойынша өте ауқымды жұмыс жасалды. el.kz порталы сайтқа келген барлық өтініштерді қабылдап, өңдеді. Өңдеу екі кезеңге жалғасты. Бірінші кезеңде  жергілікті атқарушы органдармен факт-чекинг жасалды. Екінші кезекте редакциялық үндеу жүргізіліп, бірнеше сайтқа шықты.

Оның айтуынша, қазан айының басынан байқаудың келесі кезеңі басталады. Яғни, 100esim.el.kz порталында кандидаттарға дауыс беру жүргізіледі. Ол тура 1 айға ұласады.

«Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін жобаға қатысушылар олардың қызмет саласына байланысты 7 бөлімге топтастырылады. Олар - мәдениет, білім, қоғам, өнер, бизнес, медицина, ғылым және спорт. Бұл бөлімдердің әрқайсысына шамамен 30-40 қатысушы ұсынылған. Олардың саны сарапшылық топтың кандидаттарды таңдауына байланысты болады. Негізгі критериін Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында айтқан еді», - деді ол.

Кочетовтің сөзіне қарағанда, қоғамдық дауыс беруге ұсынылған кандидаттың сайттағы суретін басу арқылы оның табысқа жету тарихымен танысуға мүмкіндік бар.

«Ашықтықты қамтамасыз ету, дауыс беруді еселеуге жол бермеу мақсатында сайта тіркелу қарастырылған. Оны бірнеше әдіспен жүзеге асыруға болады. Біріншісі, электрондық пошта арқылы тіркелу. Екіншісі, әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы авторизациялау. Қолданушы кандидатты таңдап, өз дауысын беруге дайын болған кезде сәйкесінше түймешікті басса жеткілікті. Бұл ретте қолданушы ары кеткенде 3 адамға ғана дауыс бере алады. Бір кандидатқа бір рет қана дауыс беруге болады. Қайта дауыс беру мүмкін емес. Сайтта дауыстарды автоматты түрде санау жүргізіледі», - деді ол.