Қазақстанның 104 мектебінде 12 жылдық оқу жүйесіне ауысу бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізілуде

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің 104 мектебінде 12 жылдық оқу жүйесіне ауысу бойынша тәжірибе жүріп жатыр, атап айтқанда 45 ауыл және 59 қала мектебінде, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

Оған қоса, 2011 жылы республикалық бюджеттің есебінен 569 биология кабинеті, 569 лингафондық-мультимедиялық кабинет сатып алынды. Бүгінгі таңда 3247 мектеп жаңа модикациялық физика кабинеттерімен (43,5%), 1464 мектеп - химия кабинеттерімен (19,6%), 2493 мектеп - биология кабинеттерімен (33,4%) және 3805 мектеп - лингафондық- мультимедиялық кабинеттермен (51,0%) жарақталып отыр.

Шағын құрамда мектептердің проблемаларын шешу үшін 26 тірек мектебі (ресурстық орталықтар) құрылды.

Жоспарға сәйкес, 12 жылдық білім жүйесіне ауысу 2015-2016 оқу жылдарына жоспарланған. 2015 жылы - 1, 5, 11 сыныптарда 12 жылдық оқу моделінің стандарттарын енгізу басталады. 2015-2016 оқу жылында 1 сыныпқа баратын оқушылардың саны 6-7 жастағы 624 мыңнан астам баланы құрайды деп болжануда. 2015 жылы 1 қыркүйекте мектептердегі оқушылардың саны, 2014 жылмен салыстырғанда, 2 есеге артады.