Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған, Өскемен, Көкшетау және Петропавл қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.