Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

27 шілдеде Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Оралда күндіз 27 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

27 шілдеде түнде Ақмола облысының батыс бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда 27 шілдеде кей уақыттарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.

27 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық болады.

Ақтауда 27 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі.

27 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде 27 шілдеде найзағай ойнайды.

27 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Абай облысының оңтүстігінде 36 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Қостанайда 27 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 шілдеде Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

27 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.