Еске сала кетейік, еліміздің ауыр атлеттері қазан айына дейін әлемдік жарыстардан шеттетілген болатын. Сондықтан, спортшыларымыз тек ел чемпионаттарында өнер көрсетуде. Оңтүстіктегі сайыста да спортшылар шамаларын байқап, мүмкіндіктерін көрді. Олардың қатарында Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада ойындарының жеңімпаздары Карина Горичева, Денис Уланов, Александр Зайчиков және Фархад Харки секілді ел мақтаныштары да бар. Жарыстың алғашқы күнгі айналымында алаңға соңғы болып шыққан Фархад Харки 115 келі салмақты бағындырып, жарыстың үздік спортшысы атанды. Сайыпқыран 120 келіге тапсырыс беріп еді. Алайда, бұл салмақ спортшыға бағынбады.
Айта кетейік, жарыс 18 мамыр күні өз мәресіне жетеді. Оның жеңімпаздары арнайы кубокпен марапатталатын болады.