Чемпионат 10 желтоқсанға дейін өтеді. Байқауға қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.
Негізгі құзыреттер бойынша жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды және Семей колледждерінің 18 жарыс алаңдары базасында өтеді.
«3 қарашада Қарағанды технология және сервис колледжінің алаңында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша өз өңірлерінің 14 үздік өкілдері арасында жарыс басталды. Байқаудың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының, «Талап» КЕАҚ өкілдері, колледж педагогтары мен студенттері қатысты», – деді Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Татьяна Нартова.
Елімізде сервистік және индустриялық мамандықтардың мәртебесін арттыру үшін 2015 жылдан бастап жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде 2 мыңнан астам конкурсанттар мен сарапшылардың қатысуымен WorldSkills чемпионаттары өткізіледі.
Біздің қоржынымызда «Веб-әзірлеу» құзыретіндегі қола медаль бар.