Қазақстанның 14 жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы хартиясына қол қояды

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Биыл Қазақстанның 14 жоғары оқу орны Университеттердің Ұлы хартиясы құрамына енеді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев аппарат мәжілісі кезінде мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қажетті құжаттарға қыркүйектің орта шенінде Болонье қаласында қол қойылатын болады. Осыған орай, Білім министрі Ж.Түймебаев еліміздің барлық ірі жоғары оқу орындарына Университеттердің Ұлы хартиясына қол қою рәсіміне қатысуға материалдарын дайындауды тапсырды.  

Министрдің айтуынша, осынау оқиға еуропалық университеттермен әріптестік орнатуға және студенттерге екі дипломдық білім беруге жол ашады.

«Қазақстан еуропалық білім беру кеңістігіне үлкен сеніммен кіруде. Шетелдік оқу орындарымен серіктестікті жүзеге асырудың негізінде, елде он ЖОО екі дипломдық білім беріп келеді. Биыл 113 студент университетті біздің және шетелдік дипломдармен бітірді», деп атап көрсетті ол.