Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2021 жылғы 26 тамызда Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.