Қазақстанның 2 облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Түркістан және Қостанай облыстарында демалыс күндері болатын ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 шілдеде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. 6 шілде күні кей жерлерде, 7-8 шілде күндері өңірдің басым бөлігінде ауа температурасы 40-43 градус ыстыққа жетеді.

Сондай-ақ, 6 шілде күні Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.