деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы шілденің 1-іне дейін Елбасының қарауына ұсынылуы тиіс. Ол Президент Әкімшілігі, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағалары, Бас прокурор, Әділет және Ішкі істер министрлері мен академиялық қоғамдастықтың өкілдерінен құралған арнайы комиссияда дайындалды.
«ҚР құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде дамытуда бұл құжаттың маңызы зор. Сол себепті азаматтық қоғам өкілдері қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқарушылық, азаматтық, әкімшілік құқықтар мен құқық қорғау органдарын реформалауда сот-құқықтық реформаларды дамыта түсуді ұсынады», дейді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының директоры Вера Ткаченко. Оның айтуынша, сарапшылар бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар ұсыныстарын да жасап отыр. Әлемдік соттар институтын құру, соттық корпусты қалыптастыруда халықтың қатысуын кеңейту, соттық келісім институтын енгізу, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс реформасы, әкімшілік юстицияның тиімді жүйесін қалыптастыру, тағы басқалары. Олар сондай-ақ, мемлекеттің орны мен атқаратын рөлін азаматтық-құқықтық қарым-қатынаста нақты анықтауды, жеке және бұқаралық қызметтерді бөлу, жеке құқықтық мәселелерде мемлекеттік иммунитетті алып тастау қажеттігін ұсынуда.