Қазақстанның 2013 жылғы үздік футболшылары анықталды

None
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында жүргізілген сауалнама бойынша 2013 жылғы 33 үздік футболшыны анықтады.

Оның тоғызы «Шахтерден», жетеуі «Ақтөбеден», алтауы «Астанадан», үшеуі «Тобылдан». Ал футбол маусымының үздіктеріне қақпашылардан Андрей Сидельников (Ақтөбе), қорғаушылардан Никола Василевич (Шахтер), жартылай қорғаушылардан Рохер Каньяс (Шахтер), Андрей Финонченко (Шахтер), легионерлерден Тимур Кападзе (Ақтөбе), қазақстандықтардан Андрей Финонченко (Шахтер) кірді. Өз кезегінде жас футболшылар Абзал Бейсебеков (Астана) пен Стас Покатилов (Ақжайық/Шахтер) - жыл жаңалығы, Виктор Кумыков (Шахтер) - үздік бапкер, Андрей Финонченко (Шахтер) үздік футболшы деп танылды.