Қазір 2 ойында да қарсыластарынан басым түскен исландиялықтар 6 ұпаймен көш бастап келе жатса, олардан 1 ойыны кем қазақстандықтар 3 ұпаймен екінші орында тұр. Ал 1 ойын өткізіп жеңіліс тапқан армяндар мен 2 ойында да жеңілістің ащы дәмін татқан белорустардың және әлі бірде-бір ойын өткізбеген француздардың қоржыны бос тұр.
Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шығуды алдына мақсат етіп қойып отырған қазақстандық аяқдопшылар бұдан кейін қатарынан 2 ойынын сырт алаңда өткізеді. Оның алғашқысын 5 қыркүйекте франциялықтармен, екіншісін 10 қыркүйекте исландиялықтармен кездеседі. Сосын өз алаңында 10 қазанда Беларусь, ал қазанда сырт алаңда Армения футболшыларымен қарымта кездесу өткізеді. Ал ақырғы 2 ойынын 2014 жылы өз алаңында өткізбек. Оның алғашқысын 5 наурызда Исландия, екіншісін 2 қыркүйекте Франция футболшыларымен өткізетін болады.