Халықаралық Олимпиада комитеті «Токио-2020» жазғы Олимпиада ойындарында топ жарар деген үмітті спортшыларды таңдап алды. Оларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ХОК-тан қосымша қаржы бөлініп отыратын болады.
Стипендияға ие болған ТОП-24 спортшылар: Назым Қызайбай (бокс), Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Мария Овчинникова (жеңіл атлетика), Карина Горичева (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Екатерина Ларионова (әйелдер күресі), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Дариға Шәкімова (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс), Мейрамбек Айнағұлов (күрес), Қайрат Ералиев (бокс), Абылайхан Жүсіпов (бокс), Әбілхан Аманқұл (бокс), Кирилл Герасименко (үстел теннисі), Сергей Емельянов (каноэ), Андрей Ергучев (каноэ), Дәулет Ниязбеков (күрес), Қайрат Сарымсақов (таэквондо), Алексей Луценко (велоспорт), Сұлтан Түзелбаев (садақпен ату), Санжар Мұсаев (садақпен ату), Денис Галкин (садақпен ату).
«Олимпиадалық стипендия беру туралы ХОК бағдарламасы келешегі мол спортшыларды ұзақ мерзімді қаржылай қолдауға бағытталған. Біз ақшаны ұлттық федерациялардан жинап, ҚР ҰОК-нің кеңейтілген тізімін жасадық. Одан кейін оны ХОК-қа жолдап, сол жақта кімге стипендия беру керектігі шешілді. Аталған бағдарламаның аясында келесі жылы басталып кететін жоғары білікті сайыстарға стипендиаттарды қатыстыру үшін қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырамыз», - дейді ҚР ҰОК Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры Әлімжан Ақаев.
Айта кетсек, «Олимпиадалық ниеттестік» - Халықаралық Олимпиада комитетінің олимпиадалық дамуды алға жылжытуға бағытталған Ұлттық Олимпиада комитеттерімен бірлесе жүргізетін бағдарламасы.