Конкурс Түркістанға 10 әуе бағыты, Көкшетау, Петропавл қалаларына 3 әуе бағыттан, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына 2 әуе бағыттары бойынша өтті.
Әуе бағыттарды субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар, бұл ретте коммерциялық негізде орындау үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін әуе бағыттарын тұрақты рейстермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2022 жылы осы әуе бағыттар бойынша ұшуларды орындауға тасымалдаушылар ретінде «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары анықталды. Әуе билеттерінің құны 9-дан 25 мың теңге аралығында.