Павлодарлықтардан 2 ұпайы кем Қарағанды облысы екінші, 154 ұпайы бар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы қатар келе жатыр. Үздік бестікті 144 ұпаймен астаналықтар түйіндеуде. Одан кейінгі орындарды Ақмола (132 ұпай), Солтүстік Қазақстан (126 ұпай), Алматы (92 ұпай), Қостанай (86 ұпай), Ақтөбе (54 ұпай), Оңтүстік Қазақстан (24 ұпай), Жамбыл (14 ұпай) облыстарының командалары өзара бөлісуде. Онда шығысқазақстандықтар шайбалы хоккей (ерлер арасында) мен шаңғы жарысында, ақмолалықтар биатлонда, ал алматылықтар мәнерлеп сырғанауда, астаналықтар шаңғымен бағдарлауда үздік шықты. Алдағы уақытта спортшылар енді шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғы қоссайысы, керлинг, шаңғымен тұғырдан секіру, президенттік көпсайыс, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру мен фристайлден өзара сайысқа түседі.
13:58, 23 Ақпан 2013
Қазақстанның 3-ші қысқы спартакиадасында алматылықтар жалпыкомандалық есепте 3-ші орында келе жатыр
АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының ІІІ Қысқы спартакиадасында 16 спорт түрінің алғашқы бесеуінің қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 158 ұпаймен көш бастап келе жатыр.