«2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді», делінген хабарламада.
Еске салсақ, 4 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылған болатын.13:16, 05 Наурыз 2022
Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.