ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Бангкоктағы іріктеу кезеңінде 36 спорт түрі бойынша жолдама сарапқа салынады.
Жалпы, Азия аймағына 89 квота бөлінген. Оның 57-сі - ұлдарға, 32-сі - қыздарға. Аргентинада әрбір сайыс түрінен бір елден бір спортшыдан артық қатыса алмайды. Қазақстан Таиландқа 36 атлет апарғалы отыр (15 ұл, 21 қыз). Олар - 11 облыс пен Астана және Алматы қалаларының спортшылары.
Жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын аталмыш дода 4-5 шілдеге жоспарланып отыр. Ал жалпы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары 6-18 қазанда Аргентинаның Бэунос-Айрес қаласында өтеді. Олимпиада ойындарына 18 жасқа толмаған спортшылар қатысады.