Қазақстанның 4 аймағында дауылды ескерту жарияланды
00:39, 29 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ Комитеті 29 желтоқсан күні республиканың 4 аймағына дауылды ескерту жариялады.
«29 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с күшейеді», - деп жазылған хабарламада.