Жайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауаның ластануы Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында болуы ықтимал. Оралда да ауа райының жағдайы жайсыз болуы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петровпавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай болмайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.