Қарағанды облысында сағат 20-00-ден бастап, ауа райының бұзылуына байланысты (аяз) жүк таситын көліктер мен дезельді отынмен жүретін көліктер үшін жол жабылды.
Павлодар облысында сағат 19-00-ден бастап, ауа райының бұзылуына орай (ауа температурасының төмендеуі) «Омбы-Майқапшағай» автожолының бөлігі (426,587км) Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін жүк көліктері мен дизельді отнмен жүретін көліктер үшін жабық.
Алматы облысында сағат 19-00-ден бастап, қолайсыз метеожағдайларға байланысты (қалың қар, көрініс нашар) республикалық бағыттағы «Алматы-Өскемен» автожолының 558 және 615 км-і барлық жүк және дизелді отынмен жүретін көліктер үшін жабық.
Шығыс Қазақстан обылсында сағат 19-00-ден сағат 08-00-ге дейін сыртқы ауаның шектен тыс төмендеуіне байланысты маршрутты рейсті көліктер мен дизельді отынмен жүретін автокөліктер үшін барлық бағыттар бойынша жол жабық.
Ақмола облысында сағат 20-30-дан бастап, ауа райының күрт бұзылуына байланысты (ауа температурасының -30, -31 градустан төмен болуы) барлық бағыттар бойынша дизельді отынмен жүретін жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жол жабық.