11 қаңтарда түнде және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.
Таразда: түнде және таңертең 11 қаңтарда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да асуы ықтимал.
11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да асуы мүмкін.
Бұрқасын болу ықтималдылығы 90-95 %.