Атап айтқанда, Атырауда түнде, Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.