АСТАНА. ҚазАҚпарат - 4 ақпандағы метеорологиялық жағдай Қазақстанның 7 қаласында атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ведомство деректеріне сәйкес, Ақтау, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Өскемен қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың таралуына себеп болады.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тымық, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.