Қазақстанның 7 облысында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе, түнде Түркістан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең  кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола,  Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Түркістан,  Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау,  Маңғыстау,  Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.