28 наурыз күні Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
28-29 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. 28 наурызда жел оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 29 наурызда облыс аумағының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Петропавл қаласында 28 наурызда тұман түсуі мүмкін, 28 наурыз күні көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
28 наурызда түнде оңтүстік-батыс желі Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз облыс аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда қаласында 28 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
28-30 наурыз күндері Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, 30 наурыз күні Алматы облысы және Алматы қаласының таулы аудандарында күшті жауын-шашын салдарынан өзендер арнасынан тасып ағуы мүмкін.
28-29 наурыз күндері мол жауын-шашын салдарынан Ақтөбе облысында мұздар еріп, айдындардағы су деңгейі көтерілуі мүмкін.