Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігіне тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығына тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысында, Семей қаласында және ШҚО-да, Өскемен мен Риддер қаласында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.