Ақмола облысында 29 қараша күні жауын-шашын болады. Кей жерлерде күндіз қар жаууы мүмкін. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с-ке жетеді деп болжанып отыр. 30 қарашада түнде 15-20, кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.
Астана қаласында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болуы мүмкін. 30 қараша түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.
Батыс Қазақстан облысында 29 қараша күні түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін аз болады.
Павлодар облысында 29 қараша күндіз, 30 қараша күні бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз 29, кей жерлерде 30 м/с-тен асады деп болжам жасалды. 30 қараша түнде 15-20, кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.
Қарағанды облысында 30 қараша күні қар жауады. 29-30 қараша аралығында бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысында 30 қарашада жауын-шашын жауады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, оның күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с-ке дейін жетеді. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аяз болады.
29 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.