Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 9 қаласында 2 ақпан күні жайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Талдықорған, Шымкент қалаларында ауа ластанып, жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.