Жалпы, жол қозғалысы 9 облыста жабық. Оның ешінде ең көп жабылған жол учаскелері Ақмола облысына қарасты.
Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Мұнда 637 шақырым жол жабық.
Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс істеуде. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.
»ҚазАвтоЖол« ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.