Митрополит Александр АҚШ-тағы патриарх приходтарының басқарушысы архиеопископ Юстиниан Наро-Фоминскийдің шақыруы бойынша Құрама Штаттарда ресми сапармен жүрген болатын, деп хабарлады Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Е.Ыдырысов митрополитпен болған әңгіме барысында Орыс православ шіркеуінің Қазақстандағы және АҚШ-тағы жағдайын және даму перспективасын талқылады.
Митрополит Александр өз сөзінде, Қазақстанның дінаралық толеранттылықты әрі қарай дамыту саласындағы саясаты жақсы нәтижелер беріп отырғанын атап көрсетті. Архипастырдың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы конфессияаралық қатынастарда өзара құрмет пен төзушілікті қамтамасыз етудің бірегей және тиімді тетігі болып табылады.