«Алдын ала деректер бойынша биылғы шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2 пайызға ұлғайып, 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. Шілде айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,3 пайызға немесе 2,4 млрд АҚШ долларына артты», - деді ҰБ басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың активтері биылғы шілдеде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасында алған инвестициялық кіріс есебінен бір айда 0,5 млрд АҚШ долларына (+0,9%) ұлғайып, 58,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте кепілді трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін 1,1 млрд АҚШ долларына конвертациялау жүзеге асырылды.