«Алтын валюта резервінің деңгейі мамырда $950 млн долларға өсіп, $31,5 млрд доллар болды. Бұл еркін конвертирленетін валюталар активі өскендіктен болып отыр. Сонымен қатар, Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің қаржысы артқан. Сондай-ақ, ұлттық қорға алтын резервтер жоспарлы түрде сатылған», -деді ол.
Мамырда Ұлттық банк Ұлттық қорға құны 250 млн доллар болатын аффинирленген алтын сатқан.
Айта кету керек, Ұлттық қордың активтері шамалы ғана өзгерген. Мамырдың соңында қордың нарықтық құны $58,48 млрд болған. Бұл айда Ұлттық қордан 650 млн теңге трансферт бөлінген.
«Ұлттық қордан шыққан шығын инвестициялық табыспен толық қайта жабылды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 670 млн доллар болды», - деді Әлия Молдабекова.