Кеңес барысында техникалық байқау орталықтарының уақытылы ашылуына қатысты аталған мекеме өкілдері қабылданған ұйымдастырушылық шешiмдер және аймақтарда жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы ақпарат алмасты.
Қазіргі уақытта көлік және коммуникация министрлігі аймақтық органдарының ақпараты бойынша кәсіпкерлік субъектілер міндетті техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру жөнінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Жабдықтау туралы және қызмет өңірі және т.б. мәселелер жөнiнде консультация алуда.
Бастапқы кезеңде республика бойынша әрбiр облыс орталықтарын және Астана, Алматы қалаларын қамтығанда 65 техникалық байқау орталықтары ұйымдастырылғандығы расталды.
Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша Қазақстанның әр өңірінде көлiктік бақылау аймақтық органдарының, әкiмдiктердің, жол полициясы және кәсiпкерлердiң қатысуымен жұмыс топтарын құруды ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.
Аталған топ жеке техникалық байқау орталықтарын ұйымдастыру барысында кәсіпкерлердің туындаған мәселелерін жедел шешуге мүмкiндiк бередi.