Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Алматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты ұранмен өтіп жатқан митинг барысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда демократия мен плюрализм үшін барлығымыз күресетін боламыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партияларды тіркеуден өткізу жөніндегі заңды қабылдауды тапсырды. Енді Қазақстанның әрбір азаматы саясатпен айналысуға, мәжіліске, мәслихатқа, сайлауға қатысуға және сайлауға түсуге өзінің Конституциялық құқығын пайдалана алады. Конституция өзгерген соң еліміз Батысты демократия моделінің принципіне барады, – деді мінберден сөйлеген депутат Ерлан Саиров»,
Жиында сондай-ақ депутат Жанарбек Әшімжан сөз сөйлеп, Қаңтар оқиғасына қатысты ой-пікірін білдірді.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Ш. Уәлиханов ескерткішінің алдында «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты бейбіт шеру өтіп жатыр.
Рұқсат етілген митингке 2-3 мыңға жуық адам келді.