«Қазақстандық ұшқыштар алғаш рет осы халықаралық байқауға қатысқалы отыр, біз Қазақстанды лайықты деңгейде көрсету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Ұшқыштардың көңіл-күйі сергек, жүлделі орын алуға үміттіміз. Авиаторлардың даярлығы барысында жұптасқан әуе пилотаждары, әуе жолының ашылуы, мақсатты анықтау және жеңу пысықталды», - деді Шымкент қаласына қарасты 55652 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирдің орынбасары подполковник Жандос Нұрымбетов.
Ұшу экипаждарын іріктеу бір ай бұрын басталған болатын. Қазақстандық Әскери-әуе күштерінің атынан Халықаралық байқауда МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждары қатысады. Ұшу құрамы байқауға белсенді даярлық үстінде. Әуеайлақтарда инженерлік-техникалық құрам және жер үсті ұшуларын қамтамасыз ететін мамандар толық даярлықтан өтті. Ұшақтар мен тікұшақтардың қозғалтқыштары мен аппаратуралары күн сайын тексеруден өтеді. Байқауда ұшақтар мен тікұшақтар экипаждарыүшін ұшу тапсырмасы бойынша көзбен шолатын әуе барлауы бағытымен, аймаққа, жай пилотаж және кіші биіктікте жұптасып ұшатын болады.
Байқаудың мақсаты әуе жолында жер үсті объектілерін іздестіруді және жұп құрамында жай пилотаждың кескінін орындауда ұшу экипаждарының дағдыларын бағалау болып табылады. Барлық ұшулар қолайлы метеорологиялық жағдайда іске асырылады.