Қазақстандық әскери баспасөзді зерделеу бойынша жүргізілген зерттеу «Сарбаз» әскери-патриоттық газетін «Жауынгерлік ту» және «Қызыл әскер» газеттерінің ізін басушы деп есептеуге мүмкіндік береді.
«1992 жылдың 16 желтоқсанында Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық органы ретінде «Қазақстан сарбазы» газетінің алғашқы нөмірі қазақ және орыс тілінде жарыққа шықты. Ресми құжаттарда Алматыда 1969 жылдан бастап шыға бастаған «Жауынгерлік ту» газетінің базасында құрылған деп көрсетілді. «Жауынгерлік ту» «Қазақстан сарбазы» газетінің ізашары, бастаушысы болды. Ал Қазақстанды аумақтық тұрғыда қамтыған әскери басылымдар бұдан бұрын шығып жүрген. «1929 жылдан бері шығып жүрген «Qьsьl әsker» («Қызыл әскер») қазақи әскери газетке назар аударған анағұрлым қисынды болар», - деген пікір білдірді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Александр Рожков.
Бұл газет әскери комиссариаттардың жұмысы, республикадағы ОСОАВИАХИМ-нің қызметі, әскери өнерді зерделеу, Қазақстанның және т.б. әскери бөлімдеріндегі қызмет туралы жазатын.
«Сарбаз» және «Қызыл әскер» газеттерінің контент-талдауын жасап, біз тақырыптың ұқсастығын, баламалы әскери, патриоттық проблема мен әсіресе, тілдік аспектіні, қазақ тіліндегі басылымын атап өтудеміз. «Қызыл әскер» газеті Қазақстан әскери баспасының іргесін қалаушы болып табылғанын нық сеніммен айта аламыз», - деді ол.
«Сарбаз» газетінің 90 жылдық тарихы бар екені жөнінде ғалымдардың да ойы бір жерден шықты және оны «Жауынгерлік ту» және «Қызыл әскер» газеттерінің ізін басушы ретінде бекітуге, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында қазақстандық әскери журналистика туралы мамандандырылған стенд құруға уағдаласты.
Сондай-ақ әскери журналистерді дайындауда «Бауыржантану» және «Әскери-патриоттық тәрбие беру» секілді пәндерді қосу мәселесін пысықтау және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің базасында жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жазғы «Әскери дискурс» семинары мен мамандандырылған курстарды өткізу мәселесі қарастырылатын болды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.