Қазақстанның әскери теңізшілері үшін жағалық және теңіз дайындығы бойынша жиын өткізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери теңізшілері жағалық және теңіз дайындығы бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 21814 әскери бөлімінің корабльдерінде әртекті корабльдер дивизионының старшинасы 2-сыныпты старшина Дамир Еркінов пен Әскери-теңіз базасының старшинасы 2-сыныпты старшина Таңатқан Амановтың жетекшілік етуімен корабльдердің старшиналары және суүсті корабльдерінің боцмандарымен командирлік дайындық бойынша жиын өтті.

Барлық старшиналар қатысқан іс-шара екі кезеңді, яки, жағалық және теңіз даярлығын қамтыды. «Жиын өткізілген кезде алған білімім мен жинақтаған тәжірибемді «Каспий теңізі» теңіз биатлонында қолданып, жеңіске қол жеткізу үшін жақсы нәтиже көрсететініме нық сенімдімін», - дейді «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің боцманы 3-сыныпты старшина Ғалымжан Қойшыбекұлы.

Жиынның негізгі мақсаты - корабль старшиналары мен боцмандарының білімін жетілдіру. Онда бастысы жеке құрамды корабльге орналастыру, рейдтік қызмет қағидаларын сақтау және кемені сақтап қалу үшін күрес кезінде техникалық құралдарды пайдалану, әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ корабльдің зәкірлік, тартқыш және тиеу құрылғыларының дайындығы мен қалыпты күйде ұстау.

ҚР ҚК ӘТК старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев атап өткендей, жиын аяқталғаннан кейін күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық ету және корабльді қондырғыларды пайдалану мәселелерінде старшиналар құрамының білімдері мен дағдылары анағұрлым арта түскен.