Қазақстанның әскери ұшқыштары Ресейдегі байқауда екінші орын алды

Фото: None
РЯЗАНЬ. ҚазАқпарат - Ресейде өткен «Авиадартс – 2019» байқауында Қазақстан командасы екінші орынды жеңіп алды. Ел намысын Талдықорғандағы 21751 әскери бөлімінің ұшқыштары қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚазақстанныңРесейдегі Елшілігінің ресмисайтында мәлім етілгендей, жойғыш ұшақтар арасындағы сынға түскен әуе қырандарыныңбілімі мен машығы 3 кезең бойынша бағаланды. Алғашқысында экипаж мүшелерініңфизикалық дайындығы сараланды. Яғни, мамандар кермеге тартылып,суда жүзген. Бұдан кейін байқауға қатысушыларды арнайы дөңгелекте айналдырып,шыдамдылығы тексерілген.

Екінші кезеңде әуе кемесімен көкке көтеріліп,жердегі нысанды іздеткен. Соңғы сында қос ұшақ қосарласа ұшып, зеңгір көктетүрлі жаттығуларды орындады. Сондай-ақ нысананы көздеп ату бойынша өз шеберліктерінкөрсетті.

«34мемлекет өкілі қатысқан байрақты бәсекеде ұшқыштар былтырғы нәтижесінқайталады. Әуе қорғанысыкүштерінің әлеуетін паш еткен саңлақтар бүгін СУ 30 СМ ұшағымен Талдықорғанғакелді. Оларды басшылық құрам құттықтап, өз ризашылығын білдірді», - делінген ақпаратта.

«Бұлұшқыштардың ғана емес,бүкіл Қарулы Күштердіңжеке құрамыныңжеңісі. Өйткені,Авиадартсқа дайындалу кезінде барлығы қатысты. Барлығы дайындалды. Осы ойынарқылы бүкіл қатысқан елдерге Қарулы Күштердіңкүшін, мәртебесіндәлелдедік деп ойлаймын», - деді 21751әскери бөлімінің аға ұшқышы Нұржан Нұрбаев.

«Авиадартс –2019» байқауында бірінші орынды – Ресей, екінші орынды Беларусь командасы жеңіпалды.