«Жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанның қорғаныс ведомство өкілдері қатысты. Орталық әскери округ пен ҰҚШҰ Біріккен штабының өкілдері барлық қатысушыларға дәріс өткізді. Екінші кезеңде төрт елдің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірлескен штабтық жаттықтыру барысында жиын тақырыбы бойынша сұрақтар кешенін пысықтады. Жедел жиынды тиімді өткізу үшін басшылық, сондай-ақ, қолбасшылық пен Орта-Азиялық өңірдің жылдам өрістету ұжымдық күштерінің штабы құрылды. Оның құрамына әрбір қатысушы елдің өкілдері кірді»,-деп атап өтілген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, Орта-Азиялық өңірдің ұжымдық жылдам өрістету күштері 2001 жылы ұжымдық қауіпсіздіктің Орта-Азиялық өңірі ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындау, соның ішінде, сыртқы әскери басқыншылықты тойтару мен лаңкестікке қарсы операцияларды өткізуге қатысу үшін құрылды. Бұл жылдар ішінде ретке келтірілген бірлескен жүйелі жұмыс және тиімді өзара іс-қимыл қалыптасты. Соның арқасында ОАӨ ҰЖДК өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепіліне айналды.