АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан 2,2 млн тонна астықты экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл сайын экспортқа шығарылатын астықтың әлеуетті көлемі 8-9 миллион тоннаны құрайды. Ағымдағы жылы (маркетинг жылы - авт.) біз 5,8 млн тонна экспортқа шығардық және алдағы уақытта тағы 2,2 млн тонна астық экспорттауды жоспарлап отырмыз»,- деді ол.
Министрдің дерегінше, өткен жылы барлық астық тұқымдарының 11,7 млн тоннасын экспортқа шығарылған.
«Оның 4,9 млн тоннасы бидай, ал қалғандарын арпа және басқа да дақылдар құрайды», - деді С.Омаров.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.