Қазақстанның атты әскері «АрМИ-2019» марафонында жүлдегер атанды

Фото: None
МОҢҒОЛИЯ. ҚазАқпарат - Моңғолияда «Аравт» халықаралық Әскери ойындар мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанкомандасы аталмыш байқауда Қырғызстан мен Ресей командаларын басып озып, екіншіорынға ие болды. Бірінші орын жарыс қожайындарына бұйырды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінесүйенсек, бәсеке 2 кезеңде өткен. Бір кезеңде 130шақырымдық марафон үздіктері анықталса, екінші кезеңде командалар қысқа қашықтықтағы аралас эстафетада бақ сынады.

«Атмарафонында әскери қызметшімен бірге оның баптап мінген атының да бабы сыналды. Басқа конкурстардажүлде тағдырын әскери қызметшінің жеке қабілеті шешсе, бұл сайыста аттыңдайындығы да жарыснәтижесіне әсер етті. Яғни, мұны командалық сайыс деуге де болады», -деп атап өтті Қазақстан командасының бөлімшекомандирі аға лейтенант Бекдаир Төлегенов.

Маршруттартаулы, орманды, су бөгеттері мен құмда өткен. Министрліктің баспасөз қызметініңхабарлауынша, байқау барысында әскерилер сынақтың сан түрін бастанкешкен.

«Тереңдігі 1метр, ұзындығы 100 метрлік су бөгетінен, мина толы алаңнан аман өту,тактикалық тапсырмалар, түнейтін қауіпсіз орын табу, жаралылар мен 30 келілікоқ-дәрі тасымалдау.Осының бәрін аттың көмегімен орындады.Екінші кезеңде қатысушыларға кедергі жолағынан өту қажет болды. Төрешілерәскеридің киім-кешегі мен қауіпсіздік шараларын сақтауына мұқият мән берді. Алмал дәрігерлері аттардың жүрек қағысын тексеріп, төзімділігін анықтады», -делінген баспасөз ақпаратында.

Еске салсақ,қазақстандық командаХалықаралық Армия ойындарының алғашқы жеңімпазы атанған болатын. Мәскеуоблысында өткен «Адал дос» байқауында біздің кинологтар командалардың рейтингіжоғары өкілдерінің арасындағы жеке біріншілікке талас ойындарында біріншіорынды иеленді.


Соңғы жаңалықтар