Әйелдер құрамасы Алматы облысындағы «AIBA» академиясында жаттығады, ал ерлер құрамасы Шымкент қаласындағы «Арлан» спорттық жекпе-жек ойындары орталығына аттанды.
«Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 30 спортшы қатысады. Олардың қатарында танымал ауыр атлеттермен бірге, өздерін республикалық және халықаралық ареналарда жақсы қырынан көрсеткен жас спортшылар да бар», - деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясы.