Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сенсек, Каталин Радудың азаматтық авиация саласында үлкен тәжірибесі бар.
ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы директорының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, ИКАО 37-ші Ассамблеясының бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарған.
Каталин Раду Румынияның көлік министрлігінде бірқатар атқарушы және басқарушы лауазымдарды атқарды.
Еуропалық деңгейде ұшу қауіпсіздігі және халықаралық авиациялық ұйымдар саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар.
Сондай-ақ ECAC Еуропалық азаматтық авиация конференциясының президенті, ЕУРОБАҚЫЛАУ вице-президенті және ECAC қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестірушісі болды.
Сонымен қатар, ол - USOAP/SMS/SSP бойынша жоғары деңгейдегі конференцияның төрағасы қызметін атқарды, ұшу қауіпсіздігі қорының негізін қалаушы мүшесі.