Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттарға сәйкестігінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді.
«ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ИКАО талаптарына сәйкестігі ресми түрде 83%-ды құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (62%) 21%-ға жоғарылаған. Қазақстанның жаңа көрсеткіші орташа әлемдік деңгейден (72%) 11%-ға асып тұр», - делінген ведомствоның Facebоok-тегі ресми парақшасында. https://www.facebook.com/profile.php?id=100018811424169
ИКАО аудиті - мемлекеттің азаматтық авиация саласының қауіпсіздік жүйесін бағалауда объективті құралдардың бірі.
2009 жылы жүргізілген аудит кезінде 299 мәселе қаралған болатын. Бұл авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ИКАО талаптарының күшейтілгенін көрсетеді.
«Мемлекеттердің ИКАО тексерісінен өтуі қиындап тұрған тұста, халықаралық сарапшылардың тарапынан Қазақстанның жоғары баға алуы - маңызды саналады. 2017 жылғы аудит қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі озық елдер қатарынан орын алды»,- делінген хабарламада.