Бұған дейін жоспарланған Ресейдің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесу өткізілмеді. Айтпай Жамантаев жаттықтыратын құрама «Анталия Демирспор» түрік клубымен жолдастық матч өткізіп, 15:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында Анастасия Власова мен Мария Демидова қарсылас қақпасына бес доптан соқса, Арайлым Орынбасарова хет-трик жасады.
Назерке Шалмұхамбетова мен Құндыз Кожахмет командасына бір ұпайдан әперді.
«Анталия Демирспор» - Қазақстан 0:15 (0:12)
Голдар: Орынбасарова 1, 5, 47, Власова 3, 7, 34, 48, 54, Н.Шалмұхамбетова 6, Демидова 9, 21, 30, 45, 52, Қожахмет 12.
2017. 16 желтоқсан. Белек (Түркия). «Kaya Belek».