Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы украиналық құрбыларын 3:0 есебімен ойсырата ұтты

None
АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Алматыда өтіп жатқан "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 1-ші командасы бүгін украин құрамасын 3:0 есебімен (25:21, 25:18, 25:18) жеңді.Кеше оларға 0:3 (27:25, 25:19, 25:21) есебімен ұтылған екінші командамыз Қытайдың "Джиангсу" волейбол клубына 1:3 есебімен (16:25, 15:25, 25:22, 13:25) есе жіберді. Бұл қытайлықтардың екінші жеңісі. Кеше олар украидықтармен болған ойынды 3:0 (15:25, 16:25, 22:25) есебімен өз пайдасына шешкен болатын. Ал ерлер арасындағы кездесуде Ресейдің "Локомотив-Изумруд" командасы бүгін Тунис құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Кеше тунистіктерді 3:0 есебімен ұтқан Иран құрамасы да өздерінің екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл ойын 3:0 есебімен аяқталды.