Қазақстанның әйелдер ұйымдары альянсы Елбасын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Қазақстанның әйелдер ұйымдары альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Ұйым төрайымы Раушан Сәрсембаева атап көрсеткендей, сәуірдің 3 күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздің демократиялық даму үдерісін күшейтіп, халықтың бостандық, теңдік пен әділдік үшін дауыс бергендігін айқын көрсетті. «Біз, Қазақстанның әйелдер қауымдастығы, еліміздің осы жетістігіне қуанамыз. Қазақстанның әйелдерқауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаеты сайлаудағы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта баршамыздың ұлт көшбасшысы атанған оның бастамасымен бұдан да жоғары жетістіктерге жететіндігімізге сенім білдіреді», - деді Р.Сәрсембаева.